Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

СҚО әкiмi Швецияның ауыл шаруашылығы министрiмен кездестi

«Бүгiнгi таңда ауыл шаруашылығы саласында 90-жылдармен салыстырғанда 10 есе көп өнiм өндiремiз. Өнiмдiлiк гектарына 18-20 гектарды құрайды. Бiз жаңа тәжiрибелер мен технологияларды енгiзудемiз. Швеция мемлекетi ауыл шаруашылығы саласында iлгерi дамығандықтан, сiздермен ынтымақтасуға мүдделiмiз», – деп атап өттi СҚО әкiмi.

Сондай-ақ, Ерiк Сұлтанов мемлекет тарапынан көрсетiлетiн қолдаулар мен салық жеңiлдiктерi, салынған қаражаттың бөлiгiн қайтару мәселелерiнiң шешiмiне тоқталды.

«Бұл менiң Қазақстанға алғаш келуiм. Бiздiң делегация құрамы мемлекеттiң үздiк компанияларынан құралған. Олар әлемге әйгiлi компаниялар, даму үстiндегi отбасылық бизнес өкiлдерi және бастапқы бизнесмендер. Барлығын байланыстыратын ортақ ереже – үздiк технология мен үздiк техниканы қолдану. Қазақстанмен ынтымақтасу бiзге жаңа нарыққа шығуға мүмкiндiк бередi», – дедi Свен-Эрик Букт.

Сондай-ақ швециялық қонақтар “Кызылжар инвест 2016” халықаралық инвестициялық форумы аясындағы тiкелей сұхбаттар бизнес байланыстарын нығайту мүмкiндiгi болатынына сенiмiн бiлдiрдi. Кездесу соңында екi жақ естелiк сыйлықтарымен алмасты.

dsc_5653

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз