Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Сүйінші! Аман қалған „дала аруы„ — ақбөкен саны көбеюде

598

Мұндай мәліметтер ғалымдарды естен тандыра жаздапты. Өйткені 2015 жылғы мамырдағы қырғын бар-жоғы бір екі аптада 210000 басқа жуық жануарды жалмап, ақбөкендерді жер бетінен жойып жібіре жаздаған еді. Сөйтіп,

Бетпақдаладағы ақбөкен популяциясы 90 пайызға жуық азайған, бұл әлемдегі ақбөкен басының 60 пайызға азайғанын білдіреді

Ақбөкен мүлдем жойылып кетуге шақ қалды…

— Былтырғы қырғыннан кейін күпті күдік қылаң берді – аман қалған ақбөкен бар ма екен? — дейді Бүкіл әлемдік жабайы табиғат қоры (WWF) Орталық-Азиялық бағдарламасының жетекшісі Ольга Переладова). — Алайда, бағымызға орай, бұл қауіпіміз расталмады. Жазда Бетпақдаланың алып аумағына тарыдай шашырады, сондықтан авиасанақтар кезінде ақбөкендерді әуеден көру мүмкін болмады. Ал күзге қарай WWF бақылаушыларының жүйесі өзінің таралу аймағының шалғайларында ақбөкендер кездесіп қана қоймай, қырғынға дейінгі топтардан аз емес көлемде жайылып жүргенін растады.

Photo1_mal

Бетпақ даладағы ақбөкендер. ҚБСА суреті

Ал жақында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ақбөкендердің жаңа авиасанағының нәтижелерін жариялады.
«Министрлік Қазақстанның биотүрлілігін сақтау ассоциациясымен (ҚБСА) және «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамымен бірлесіп, ақбөкеннің Бетпақ дала, Орал және Үстүрт популяцияларының кезекті авиасанағы өткізілді.

Авиасанақтың нәтижелері бойынша, ақбөкеннің 2016 жылғы жалпы саны 108300 басты құрапты

Әсіресе, ақбөкеннің Бетпақ даладағы орталық популяциясының қазіргі кезде біртіндеп қалпына келе бастағандығы болашаққа үмітпен қарауға мүмкіндік беріп отыр», — делінген есепте.

— Осы аумақтағы 2015 жылғы жаппай қырғында негізінен аналық ақбөкендермен олардың төлдері өлді. Бұдан бөлек, браконьерлік те өршіп тұр, сондықтан бұл популяцияның болашағы күмән тудырған еді, – дейді ҚБСА өкілі, «Алтын дала» табиғатты қорғау бастамасының халықаралық үйлестірушісі Штеффен Цутер. — Жалпы, сәуірдегі санақ кезінде Бетпақ далада 36200 бас ересек ақбөкен есепке алынған. Әлбетте, бұл жаппай қырғынға дейін осында мекен тепкен 242000 бас ақбөкендерден әлде-қайда аз. Дегенмен біз осыған да қуанып отырмыз. Енді бізде үміт бар.

Сонымен қатар, басқа мәліметтер де үміт беріп отыр. Қазіргі таңда Қазақстанның еуропалық бөлігіндегі, Орал өзенінің батысындағы 70000-нан астам бас жануар кіретін популяция, шамасы, еліміздегі ақбөкендердің ең ірі тобы.

1087879-e1468317773625

ҚБСА маманы ақбөкен төліің салмағын өлшеу үстінде

Аман қалған ақбөкенге қорғау қажет

Ал Батыс Қазақстандағы Үстүрт популяциясы ақбөкендердің ең осал тобы болып отыр. Жануарларды заңсыз аулау, яғни, браконьерлік ақбөкеннің осы тобының жоғалу қауіпін тудырды. Санақ кезінде еркек ақбөкендердің аз мөлшері (десек те жануарладың көбеюіне жеткілікті) анықталған. Қазіргі таңда мұнда 1900 бас ақбөкен бар екені анықталған, әлбетте, бұл өте мардымсыз.

Атап айтарлығы, қазақстандық ақбөкеннің саны туралы ақпарат дүние жүзіне тарап кетті.

— Қазақстандағы ақбөкендер популяциясының саны қалпына келе бастады деген жаңалық үміт отын маздатты, – дейді Көшпелі жануарлар түрі жөніндегі конвенцияның (CMS) атқарушы хатшысы Брадни Чемберс. – Солай десек те, браконьерлік бұл жануарларға елеулі қауіп төндіріп отыр. Бұдан бөлек, 2015 жылғы көктемде болған жаппай қырғын қайталануы мүмкін, өйткені бізде әлі күнге дейін оның себептері туралы толық ақпарат жоқ.

3180588-e1468318013607

Құлғаына сырға тағылған ақбөкен төлі. Енді оның нөмірі бойынша оның өмірін бақылауға болады, мәселен, жануар өмірінің ұзақтығын, оның қай жерде және қашан өлгенін тіркеуге болады . ҚБСА суреті

Шын мәнінде, браконьерлік — ақбөкендер өміріне төніп тұрған елеулі қауіп. Қазақстан Республикасы ІшкіІсМинінің ақпараты бойынша,

2014 жылы ақбөкенді заңсыз аулаудың 79 фактісі тіркелсе, 2015 жылы — 107 факті, ал 2016 жылдың 5 айында — 33 факті орын алған

2016 жылы мемлекет браконьерлікке қарсы күресті күшейтті. Орал популяциясындағы ақбөкендерді қорғау мақсатында «Охотзоопромның» Орал қаласында орналасқан филиалы құрылды. Бетпақ дала популяциясындағы жануарларды қорғауды Ақтөбе мен Астанада орналасқан Батыс және Орталық филиалдары қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, «Охотзоопром» негізінде тәжірибелі инспекторлардан төрт арнайы топ жасақталды. Бұл топтарға жол талғамайтын автомашиналар бөлінді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз