Руслан Күлекбаевты тұтқындау мерзімі ұзартылды

152 просмотров

Бес адамды өлтіріп, 8 адамды жарақаттаған Руслан Күлекбаевты тұтқындау мерзімі 18-қазанға дейін ұзартылды.

Бұл туралы Алматыда Алмалы аудандық сотында жария болды деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Тұтқындау мерзімі үшінші айға, 18-қазанға дейін ұзартылды», — делінген сотта.

Еске салсақ, 18-шілдеде сағат 11.00-де Алматыдағы Алмалы ауданы ІІБ ғимаратына шабуыл жасалды. Полицейді жарақаттап, қаруын иеленген ол оқиға орнынан қашып кетті.

Қалалық ішкі істер департаментінің ақпаратына сәйкес, ол қаланың бірнеше орындарында атыс ұйымдастырған. Кейіннен «Қазақконцерт» ғимараты маңында ұсталды. Атыс салдарынан 5 адам қаза тапты. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 269-бабының 2-бөлігі, 380-бабының 2-бөлігі бойынша тергеу басталды.

Қаланың ішкі істер департаментінің деректеріне сәйкес, Күлекбаев қару қолдана отырып, тонау, қарақшылық шабуыл жасау қылмыстарына қатысқан.

Загрузка...