Рудныйда өзі тұратын үйдің тұрғындарын қорқытпақ болған азамат екі жылға сотталды

29 просмотров

Рудный қалалық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес (терроризм туралы жалған ақпарат таратқаны үшін) 23 жастағы Ерлан Ақмырзаевқа қатысты үкім шығарды.

Бұл туралы АлауТВ хабарлады.

Сотталған азамат жедел саты ішіне маркермен: «Сіздер 5-қыркүйекте өлесіздер, бүгін үйіңізде бомба жарылады» деп жазған.

Оны көрген Ленин көшесі, №70 үй тұрғындары екі күн бойы үйіне кіре алмай, әбден қорыққан. Арнайы қызмет те үйді тексеріп, күдікті ешнәрсе таба алмады.

Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында прокурор мен сотталушының арасында процессуалды келісім жасалды, деп хабарлайды Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сот Ерлан Ақмырзаевты екі жыл бас бостандығынан айырып, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейді деген үкім шығарды. Бұдан басқа, сотталған азамат 3 миллион теңге шамасында хабарламаны тексеруге шыққан қызметкерлердің материалдық шығындарын өтеуі керек.

Загрузка...