1981 жылы АҚШ президенті Рональд Рейганға қастандық жасаған 61 жастағы америкалық Джон Хинкли Вашингтондағы психиатриялық емханадан босатылып Уильямсбург қаласындағы (штат Вирджиния) үйіне келді, деп хабарлайды Reuters агенттігі.
Федеральдық судья шілде айында Хинкли қоғамға қауіп келтірмейді деп шешіп, оның үйіне қайтуына үкім шығарған.
Алайда Хинклиге сұхбат беруге, арнайы рұқсатсыз әлеуметтік желіге тіркелуіне болмайды. Ғаламторға кіруге мүмкіндігі болса да оған өзі жасаған қылмысы туралы ақпарат іздеуге тыйым салынған. Сонымен қатар, оған ішімдік ішуге, біреу ертіп жүрмесе қаладан 48,2 километр алысқа ұзауына құқығы жоқ.
Хинкли 1981 жылы 30 наурызда Вашингтондағы «Хилтон» қонақүйінің жанында Рейганды атқан. Алты оқтың бірі рикошетпен президент кеудесіне тиген.