Ұрланған автокөлікті Қазақстанға «барлаушы-машиналардың» көмегімен жеткізеді

20 просмотров

Ресейде әбден сыналған қылмыстық айла табысты жұмыс істеуде — Свердловск облысында машиналар Қазақстанға жіберу үшін тұрақты ұрлануда. 2015 жылы ұрлықтың азайғанына қарамастан, цифрлар таңданыс тудырмай қоймайды.

Бастысы — көңілді бөлу

РФ ІшкіІсмині Свердловск облысы бойынша Қылмыстық іздестіру басқармасы бастығының орынбасары Натиг Байрамовтың айтуынша, 2014 жылы аймақтың аумағында 1430 ұрлық тіркелген, ал 2015 жылы полиция бөлімшелеріне түскен арыздар 330-ға азайып, — 1100-ге тең болған. 2016 жылғы қаңтарда 39 көлік ұрлығы тіркелген.

Шетелдік автомашиналардың арасында неғұрлым жиі ұрланатындары орта сыныптағы автомобильдер: Hyundai Solaris, Mitsubishi Lancer, Toyota Corolla, Renault Logan…

Отандық автокөліктер қаскүнемдер арасында соншалықты танымал емес.

Бұдан бұрын  ұйымдасқан қылмыстық топтың Челябинск облысынан екі жыл бойы шетелдік қымбат көліктерді қалай жаппай ұрлағаны туралы 365info.kz порталы әңгімелеген еді. Ары қарай Қазақстанға өткізу үшін ол машиналардың нөмірлері мен VIN-кодтарын қайтадан ойып жазған. Қылмыстық топқа Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің қызметкері «қамқорлық» жасап отырыпты.
Ал Свердловскілік ұрылар көлікті Қазақстанға жеткізудің басқа амалын тауыпты.

Натиг Байрамов
Натиг Байрамов

Ресейлік 66.ru сайты хабарлағандай, іздеу жарияланған ұрланған автомобильдердің Сверловск облысының аумағына асып, басқа аймақтарға, тіпті басқа елдерге (мәселен, Қазақстанға) жеткізілуі бұрынғыдай жиі кездесетін жәйт. Тіпті, ГИБДД-ның тұрақты бекеттеріндегі және жол бойына орнатылған бейнекамералардың да көмегі болмай отыр.

Ұрланған автомобильдерді шекарадан өткізудің амалы

«Бұл біздің бас ауруымыз», — деп мойындайды РФ ІшкіІсмині Свердловск облысы бойынша Қылмыстық іздестіру басқармасы бастығының орынбасары Натиг Байрамов. Сосын ол ұрылардың жиі қолданатын амалдарын тізбектеп айта бастады:

— Ілеспе күзеті деп аталатын — бұл МАИ қызметкерлерін назарын бөлетін екі немесе үш автомобильдер. Әдетте, алда «барлаушы-машиналар» жүріп отырады.

Бекетке жақындаған кезде, машинаның құжаттары дұрыс екенін білетін жүргізушілердің бірі әдейі жол жүру ережесін бұзады. МАИ қызметкері жол ережесін бұзушылықты рәсімдегенше, назардан тыс қалған екінші автомашина бекеттен еркін өтіп кете барады.

Қаскүнемдер көп ретте МАИ қызметкерлері кезекшіліктен ауысатын кезді таңдайды, олар полиция арнасына қосылып, тыңдап отырады. Кейде қызметіне адал емес МАИ қызметкерлерінің өздері автоұрыларға шекарадан өтуге көмектеседі.

Натиг Байрамов мұндай жағдайлардың алдын алу үшін трассаларға қосымша бейнекамералар орнатуды ұсынып отыр. «Өкінішке қарай, қазір бейнекамералар жетіспейді», — дейді РФ ІшкіІсмині Свердловск облысы бойынша Қылмыстық іздестіру басқармасы бастығының орынбасары.

Қазақстандық гастролерлер

Ресейден автомашина ұрлап, артынан оны Қазақстанға өткізу — қазіргі таңда кеңінен таралған қылмыс түрі. Мәселен, осыдан бір жарым жыл бұрын ресейлік полицейлер Омбыда бірнеше автоұрлық жасаған қазақстандықтарды құрықтады.

32 жас 36 жас шамасы аралығындағы бірнеше Қазақстан азаматы Омбыға өз машиналарымен келеді. Олар Ресейден автомобильдер ұрлап, оларды Қазақстанда сатуды жоспарлайды.

Шетелдік қымбат автокөлікті ұрлаған олар темір тұлпарды бір апта Омбыда жасырын ұстап, одан кейін шекара арқылы Қазақстанға асырып отырған

Ұрланған алты автомобильдің жартысын олар Қазақстанға өткізіп үлгеріпті, қалғанын полиция қызметкерлері тәркілеген.

Ұрланған автокөлікті ресми түрде сатып алуға болады

«Егер сіз ұрланған көлікті сату кезінде қиындыққа ұшырасаңыз, онда сіздің жолыңыз тура … жоқ, түрмеге емес! «Қылмыстық» машиналарды сату жөніндегі француздық сайтқа тартады», — деген әзілді танымал topgir.com сайты хабарлайды. Бұл ресурстың Voiture-volee.com деген атауы «ұрланған автомобиль» деп аударылады. Сайт иелері ұрланған автомобильдерді олардың көмегімен сату — нағыз жария бизнестің өзі деп сендіреді.
Ресурсты идеялық жағынан рухтандырушылар, егер автомобиль ұрланғаннан кейін үш жылдан артық уақыт өтсе, автомобиль ұрланған болып саналмайды, деп мәлімдейді, өйткені оның заңды иесі сақтандыру компаниясынан өтемақысын алып үлгерген.
Сайттың ұраны — «Ұрланғанды сатып ал, арзанға түседі!». Шынында да, сайтта сатылымға шығарылған автомобильдер бағасы нарықтық бағадан 50 пайыз арзан. Ресурстың орналасқан жері — Панама, сондықтан француз жандармдарына оның иелерінің, ал одан да қызығы, тіркелген пайдаланушылардың ізіне түсу өте қиын.

105-e1455874047387
Шынында да, ұрланған автомобильдер нарықтағы автомобильдерден әлдеқайда арзан

Порталға тіркелудің басқа сайттарға тіркелуден еш айырмашылығы жоқ, дегенмен авторизация үрдісін қиындатын бір ерекшелік бар. Тіркелу үшін порталға бұрын тіркелген үш пайдаланушының растауы қажет.

Орысшадан аударған Қайрат Матреков

Загрузка...