Риодағы XV паралимпиадалық ойындарға 11 қазақстандық спортшы қатысады

17 просмотров

8 қыркүйекте Бразилия астанасы Рио-де-Жанейрода XV паралимпиадалық ойындардың алауы жағылады. Халықаралық жарысқа елімізден 11 спортшы қатысады.

Олар жүзу, пауэрлифтинг, жеңіл атлетика, дзюдо мен жебе ату сындарына қатысады деп хабарлады 24kz.

Зіл темір көтеретін спортшыларымыз Олимпиада ойындарына деген жаттығуды Алматыда өткізді. Бүгін түнде Вадим Дукарт, Гүлбану Әдіхалықова және Раушан Қойшыбаевалар Рио-де-Жанейроға аттанады.

Олар лицензияларын Әлем Кубогы мен Азия біріншіліктерінде жеңіп алды. Біздің споршылар әлемдегі үздік ондық қатарына кіреді. Сондықтан жеңіспен оралады деп сенеміз.

Раушан Қойшыбаева, ҚР Паралимпиадалық құрамасының мүшесі:

— Алтын, күміс, қола медаль үшеуінен де құр қалмай, барлығын алуға тілек білдіремін және барлық мүгедектерге төрт қабырғаға қамалмай, алға қарай ұмтылып, спортпен шұғылдансын деп тілек білдіремін. Қазақстан паралимпиадылық ойындарға 2008 жылдан бері тұрақты қатысып келеді. Бірақ осы уақытқа дейін біздің спортшылар әлі жеңіс тұғырына көтерілмепті.

Денис Орлов, ҚР Паралимпиадалық құрамасының бапкері:

— Әрине, әр спортшы бұл халықаралық жарысқа қатысуды армандайды. Спортшылар бар күш-жігерін салып, жаттығып жатыр. Жарыстан жақсы нәтижемен ораламыз деген үміттемін. Мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен белсенді шұғылданып, ел атынан әлемдік деңгейдегі жарысқа қатысуы өзгелерге үлгі боларлық. Енді олардың жүлдемен оралуына тілекшіміз.

Загрузка...