Риодағы Паралимпиадада қазақстандықтар спорттың бес түрінен сайысқа түседі

24 просмотров

5-19 қыркүйек күндері Рио-де-Жанейрода XV жазғы Паралимпиада ойындары өтеді, оған Қазақстан құрамасы қатысады.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.

Лондонда өткен ойындарда Қазақстаннан 7 атлет-паралимпиадашы қатысты. Биыл еліміздің намысын 10 спортшы қорғайды.

Пауэрлифтинг бойынша Гүлбану Әбдіхалықова, Вадим Дукарт, Раушан Қойшыбаева, жүзу бойынша төрт спортшы — Әнуар Ахметов, Роман Агалаков, Зүлфия Ғабидуллина, Наталья Звягинцева, дзюдодан — Әнуар Сариев, жеңіл атлетикадан — Аманат Қалқаев, садақ атудан — Александр Медведевтер қатысады.

Загрузка...