Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Екі дүркін әлем чемпионы неге елеусіз қала береді?

Осылайша Риодағы олимпиадаға әлем чемпионатында алтын емес, қола медаль алған Жайна Шекербекова баратын болыпты.

Ал Назым келесі, Жапония төрінде болатын олимпиадаға қатысуға үміттеніп отырған көрінеді. Ол кезде Назым 26 жасқа келеді екен.

Бір қызығы, әлеуметтік желіде, әсіресе, Инстаграмға жиі сурет салатын спортшы қызымызды көп ренжітетін пікір – адамдардың оны ұл балаға ұқсататындығы көрінеді. Біз, өз кезегімізде, бұл пікірді жоққа шығармыз келеді. Көп адам оны балалықтың тазалығы жүзінен нұр болып төгілген періштеге ұқсататыны анық. Сондықтан бұл арада қызғанышқа жол беріліп жататындығы заңды.

Деңгейі үлкен жарыстардан алтын алып жүрген нәзікжанды спортшымыздың жетістігі, өкінішке қарай, мемлекет тарапынан елеп-ескерілмей жатыр екен.

“Бапкерім маған үнемі

“әлем біріншілігін жеңсең міндетті түрде пәтер береді” дейтін. Мен шынында да үміттендім. Алайда Оңтүстік Кореядан алтын медаль әкелгенімде ешкім де сый бермеді.

Үйді бірнеше жыл бойы жинаған ақшама өзім сатып алдым. Қазір сіңіліммен бірге “Алғабас” ықшамауданында тұрып жатырмын„ – дейді қарапайым қызымыз.

Ал бүгін Алматының осы ықшамауданында бір көпқабатты тұрғын үйдің қақырап құлайын деп тұрғаны, ондағы адамдардың көшіріліп жатқаны туралы ақпарат шықты. Маңдай терімен тапқан ақшасына сатып алған Назымның үйі дін аман ба екен, өзі? Әрине, оның үйі құламасын. Бірақ, баспанасы бүлінсе, Назым спортшыға тән мінезіне салып, мұнысын елге білдірмейтін де секілді ғой.

Бастысы, мұндайда қала әкімі Бауыржан Байбек алдыңғы әріптесінің қылғанын қайталап жүрмесе екен дейміз…

“Бірінші әлем чемпионатынан кейін

қала әкімі Ахметжан Есімов оған бар болғаны велосипедке жететін ақша беріп шығарып салды.

Қайта кәсіпкер Бауыржан Оспановқа рахмет, ол өз атынан Назымға көлік сыйлады. Қала болса, жол шығынын да өтемейді. Сайыстарға өз ақшамызбен барып жүрміз„, – дейді билікке өкпесі бар Назымның жеке бапкері.

Ал екінші әлем чемпионатынан соң Алматыға келгенде, оны не әкімдіктен, не телеарна өкілдерінен ешкім күтіп алмаған. Тек спорт мектебінің директоры мен аздаған адам қарсы алып, суретке түсіп тарқасыпты.

Ол ол ма, жеке бапкері Назымды олимпиадаға бармауы үшін әлдекімдер жанталасып бақты дейді.

“Біраз адамдар Назымды олимпиадаға қатыстырмау үшін барын салды.

Бастапқыда салмақты сылтау етті, сосын 51 келіде бокстасу үшін психологиялық дайындық керек деді. Психологиялық дайындықтың не екенін солардың өздері де білмейді. Бас бапкер Вадим Присяжнюктің үстінен әмірін жүргізетіндер бар. Назым екеуміз олимпиадаға қатты дайындалғанбыз. Ол әлем чемпионатының екінші алтынынан да артық еді”, – дейді бапкері Жұмабек Шермұхамбетұлы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз