Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Риода өнер көрсетіп жатқан алып боксышымыз Иван Дычконың туған күні!

10 тамыз күні Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында бокстан аса ауыр салмақта ел намысын қорғайтын спортшымыз Иван Дычконың алғашқы қарсыласы анықталған болатын. Ол 1/8 финалда әзербайжандық Магомедрасул Меджидовпен кездесетін болды.

Дычко алғашқы айналымнан босатылған. 10 тамызда 91 келі салмақ дәрежесі бойынша өткен іріктеу кезеңінде әзербайжандық Магомедрасул Меджидов мароккалық Мұхаммед Арджауиді айқын басымдықпен жеңді. Осы жұптың жеңімпазы енді қазақ боксшысына қарсы жұдырықтасады.

Қос қарсылас арасындағы жекпе-жек 14 тамыз күні Астана уақытымен 4:45-те басталады.

Еске сала кетейік, Дычконың бұл қарсыласы өзіне өте жақсы таныс. 2013 жылы бокстан Алматыда өткен әлем чемпионатында Магомедрасул Меджидов Иван Дычконы нокаутпен жеңіп, әлем чемпионы атағына қол жеткізген болатын. Енді жерлесімізге сол кеткен есені қайтаруға үлкен мүмкіндік туып отыр.

Бапкері: Шайрер Владимир, Сапабек Мұқышев.

Жетістіктері: 2008 жылы – Жастар арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері; 2010 жылы – Азия ойындарының қола жүлдегері;
2011 жылы – Әлем чемпионатының қола жүлдегері; 2013 жылы – Алматыда өткен бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері; 2013 жылы – Азия чемпионы; 2012 жылы – XXX жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері; Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз