Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында жарыстың алғашқы күні 20 мемлекет медаль алды.
Бұл туралы Риодағы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.
Қазір Австралия 2 алтын, 1 күміспен көш бастап тұр. Екінші орында 2 алтын алған Венгрия құрамасы болса, үздік үштікті 1 алтын 4 күміс олжалаған АҚШ түйіндеп тұр. Ал Қазақстан 1 күміс, 1 қола медальмен 13- орында.
Әзірге 10 мемлекет алтын алып үлгерді. Олар Австралия 2 алтын, 1 күміс, Венгрия 2 алтын, АҚШ 1 алтын, 4 күміс, Оңтүстік Корея 1 алтын, 1 күміс, Жапония 1 алтын, 4 қола, Бельгия 1 алтын, Вьетнам 1 алтын, Ресей 1 алтын, Таиланд 1 алтын, Аргентина 1 алтынға ие болды.