Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Риода Ди Каприодан аумайтын америкалық садақшы жұртты бір дүрліктірді

Күні кеше ғана Рио-де-Жанейрода садақ атудан күміс медаль таққан американдық спортшы Брейди Эллисон бүкіл әлемге мүлде басқа қырынан танымал болып шыға келді. Сөйтсе, садақшы анау-мынау емес, Голливуд жұлдызы Леонардо Ди Каприодан аумайтын болып шықты.

Әсіресе, спортшы мен «Оскар» иегерін олар бас киімді басып киген кезде ажырата алмай қалуыңыз мүмкін. Бұл жаңалықты естіген жанкүйерлердің кейбірі «әртіс Олимпиадаға қатысып жатыр ма» деген ойға бой алдырып қалыпты.

Ал Брейди Эллисон болса, өзінің атақты актермен ұқсастығы туралы осыдан жас кезінде естігенін айтты. Бірақ, спортшы өзін «Ди Каприоға ұқсаймын» деп санамайды екен.

Брейдидің сүрбойдақ Леодан басты айырмашылығы – спортшы словен садақшысы Тойя Чернемен көктемде отау құрған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз