Риода Қазақстанның туын таэквондошы Руслан Жапаров ұстап шығады

74 просмотров

Бүгін Ақордада Рио Олимпиадасына баратын спортшылармен кездескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты түрде Қазақстан туын таэквондошы Руслан Жапаровқа табыстады.

«Біздің туды Руслан Жапаров қабылдап алады. Ол бұл туды Олимпиада стадионына салтанатпен алып кіріп, үлкен жеңістермен оралсын», — деген Елбасы Туды спортшыға табыс етті.

«Аса құрметті Елбасы! Сіздің қолыңыздан алған  байрағымызды тек биікте желбіретуге бар күш-жігерімізді саламыз. Еліміздің Әнұранын асқақтатып қайтуға серт береміз. Сеніміңізге рахмет!» — деді Р.Жапаров.

 

Загрузка...