Риодағы Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны алғашқы алтын медальмен толықты.
Бұл туралы ҚР Паралимпиада комитетінен хабарлады.
100 метр қашықтықта еркін жүзуден сынға түскен қазақстандық спортшы Зульфия Ғабидуллина әлем рекордын жаңартып, чемпион атанды.
Зульфия Ғабидуллина Азия ойындарының жеңімпазы, Әлем біріншілігінің қола жүлдегері болып табылады. Қазақстандық спортшы әлемдік рейтингте кіл мықтылардың сегіздігіне енеді. Оның есебінде Риодағы қосып алғанда, 5 әлем рекорды бар.