Қазақстан құрамасы бүгін жалпыкомандалық есепте кешегі орыннан бір сатыға төмен сырғып, 12-орында тұр.
Кеше түнде Рио-де-Жанейрода өнер көрсеткен Қазақстан құрамасының спортшылары қоржынға ешқандай жүлде салмады.
Қазақстан құрамасының қоржынында, әзірге жеті медаль бар: 2 алтын, 2 күміс, 3 қола. Қазақ еліне ауыр атлет Ниджат Рахимов пен суға жүзуші Дмитрий Баландин алтын, дзюдошы Елдос Сметов пен зіл темір көтеруден Жазира Жаппарқұл күміс, дзюдодан Отгонцецег Галбадрах, ауыр атлеттер Карина Горичева мен Фархад Харки қола медаль сыйлады.