Рио-де-Жанейро қаласында өткен дүбірлі дода – XXXI Жазғы Олимпиада Ойындары аяқталды. Мәртебелі жарыс қорытындысы бойынша, үкілеп апарған қазақ спортшылары жеңіс тұғырына 17 мәрте көтеріліп, ел үмітін ақтады.
Рио Олимпидасына Қазақстан 200-ден астам мемлекет ішінен жалпы есепте 21-орынды еншіледі. Қазақстан қоржынында 3 алтын, 5 күміс, 9 қола медаль бар.