Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Рио Олимпиадасына Ресейден 116 спортшы қатыстырылмады

Ал қалғандары допингке қатысты даудың кесірінен жарыстан шеттетілді. Ресей олимпиада комитетінің басшысы Александр Жуков өз құрамасын «жіті тексеруден өткен, ешқандай допингсіз таза құрам» деп атады.

Александр Жуков, Ресей олимпиада комитетінің басшысы:

– Осы жаңалықты барлықтарыңыз тағатсыздана күтіп отырғандарыңызды білемін. Айтқым келетіні, сайыстың көп түрінен спортшыларымыз толық құрамда өнер көрсетеді. Атап айтатын бір нәрсе, біздің жеңіл атлеттерден өзге ешбір құрама дәл біздің спортшылар секілді қатаң тексеруден өткен жоқ.

Төрт жылда бір келетін әлемдік сайысқа ресейлік ауыр және жеңіл атлеттер түгелмен жіберілмей қалды десе де болады. Жалғыз Дарья Клишинаны қоспағанда. Оның өзі ұзақ уақыттан бері жаттығуларын АҚШ-та жасап жүрген.

Томас Бах, Халықаралық олимпиада комитетінің президенті:

– Менің арым таза. Ресейлік спортшылардың көзіне ұялмай тура қарай аламын. Тіпті сайысқа жіберілмей қалғандарына да. Екі жақтан да дау-дамайдың болғаны рас. Бірақ біз әрбір шешімді қабылдардан бұрын жан-жақты ойландық.

Біздің зерттеулеріміз әлі толық аяқталған жоқ. Бүгіннің өзінде Лозаннадағы спорттық арбитраж соты бірнеше Ресей спортшыларын тексеруден өткізіп жатыр. Сондықтан көрші ел құрамасындағы саңлақтар саны тағы да өзгеруі мүмкін.

Еске сала кетсек, Рио Олимпиадасына қатысатын ресейлік спортшылардың президентпен кездесуі кезінде рекодсмен, жеңіл атлет Елена Исинбаева: “Бізді мына заңсыздықтан құтқарыңызшы” деп жылап жіберген еді.

Елена Исинбаеваның жазғы Олимпиадаға қатысу туралы өтініші қанағаттандырылмаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз