Рио олимпиадасына қатысқан спортшыларды тұтқындауға бұйрық берілді

230 просмотров

Зимбабве президенті Роберт Мугабе елінің олимпидалық құрамасының мүшелерін тұтқындауға бұйрық берді. Риодағы 2016 жылғы Олимпиадаға 31 зимбабвелік спортшы қатысып, ешқайсысы медаль ала алмады, деп хабарлайды BNews.kz.

«Біз өздерін спортшымыз деп жүрген бұл жатып ішерлерге еліміздің қыруар қаржысын жұмсадық. Егер сіздер Ботсваналық көршілеріміз секілді «мыс» немесе «жез» медаль үшін жаныңызды сала алмасаңыздар, демек, ақшамызды ауаға шашқаныңыз.  Егер біздің мақсатымыз – Бразилияда туымызды көкке көтеріп, гимнімізді орындату болса, Зимбабве университетінің сұлу қыздары мен жігіттерін-ақ жіберетін едік» — дейді Роберт Мугабе.
156464
Загрузка...