Олимпиада ойындарының жалпы командалық көрсеткішінде, соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстан құрамасы 25-орынға табан тіреді.
Көш басында 5 алтын, 7 күміс және 7 қола медаль жинаған АҚШ құрамасы тұр.
ІІ-орында – Қытай. Оларда 13 медаль бар: 5 алтын, 3 күміс және 5 қола.
Австралия спортшылары 4 алтын және 3 қола жүлдені еншіледі. 3 алтын, 4 күміс және екі қоланы қанжығасына байлаған Италия құрамасы да алдыңғы қатарда келеді.