Рио-де-Жанейро өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 100 метрге брасс әдісімен жүзетін жерлесіміз Дмитрий Баландин ақтық сынға жолдама алды.
Жазғы Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысып отырған Дима екінші сегіздікте 5-ші нәтиже көрсетті. Осылайша үздіктер қатарына іліккен Баландин енді азуын айға білеген әлемнің ең тәжірибелі жүзгіштерімен өзара мықтыны анықтайтын болады.
Баландин бұған дейін 2014 жылғы Азия ойындарының, сонымен қатар 2015 жылғы Универсиаданың чемпионы атанған еді.
Ал Олимпиада ойындарына өз өмірінде алғаш рет қатысып отыр.