Рио-2016: Өзбекстанға қола медаль әперген қазақ балуаны Түркістандағы интернатта 4 жыл оқыған

102 просмотров

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен қазақ палуаны Өзбекстанға қола медаль алып берді.

Қазақстандық Алмат Кебісбаевпен бір салмақта, 59 келіге дейінгілер қатарында күрескен ол ақтық сында қырғызстандық Арсен Ералиевті 3:1 ұпайымен тізе бүктіріп, жүлдеге қолын жеткізді.

Екінші қола медаль жұбаныш раундында Кебісбаевты 2:0 етіп ұтқан норвег Стиг Андре Бергеге бұйырды.

25 жастағы Елмұрат Тасмұратовтың ұлты — қазақ деп хабарлады Еgemen.kz.

Ол Ташкент облысында туып-өскен. 2004 жылы жасы 13-ке толған кезінде ата-анасы оны арнайы Қазақстанға жібереді. Жасөспірім сол кезден бастап Түркістандағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт интернатында төрт жыл оқиды.

Интернатты бітіргеннен кейін Елмұрат Қазақстан құрамасы сапына енуге әрекеттер жасайды. Бірақ 2008 жылы Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін өткізілген турнирде жеңіліп қалуына байланысты оған мұндай мүмкіндік берілмейді. Сондықтан көп ұзамай еліне қайтады. Сол уақыттан бері Өзбекстан туы астында өнер көрсетіп, Азияның үш дүркін чемпионы, әлемнің екі мәрте қола жүлдегері атанды.

Қазір Өзбекстан құрамасы қоржынында 1 алтын, 4 қола медаль бар. Соның алтын жүлдесін боксшы Хасанбой Дусматов әкелсе, қола медальдің бірі осы Елмұраттың еншісінде.

Загрузка...