Рио-2016: осымен үшінші теннисшіміз жарысқа қатысудан бас тартты

82 просмотров

Олимпиадаға жолдама алған теннисшілеріміз бірінен соң бірі жарысқа қатыспайтындарын мәлімдеуде.

Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Жекелей сында ел намысын Галина Воскобоева қорғау керек болатын. Бірақ аяқ асты алған жарақатына байланысты, 31 жастағы спортшы додаға қатысудан бас тартты. Амал жоқ, оның орнын, Ярослова Шведова алмастырады.

28 жастағы жерлесіміз алғашқы кездесуін жапондық теннисшімен өткізеді.

Айта кеткен жөн, бұған дейін еліміздің бірінші ракеткасы Юлия Путинцеваның да жазғы ойындарға қатыса алмайтындығы белгілі болды. Себеп — иығынан алған жарақат. Бұған қоса, Михаил Кукушкин де дәл осындай себеппен Рио-де-Жанейроға барған жоқ.

Загрузка...