Риода өтіп жатқан Олимпиадада түнде 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, британиялық спортшы Джошуа Буатсимен қолбақ түйістірген боксшымыз Әділбек Ниязымбетов өз қарсыласын ұпай санымен ұтып, финалға өтті.
Британиялықтан ұпай санымен басым түскен маңғыстаулық спортшымыз енді 3 дүркін Әлем чемпионы, кубалық Хулио Сезар Ла Крусмен жұдырықтасады.
Бұл күні жерлесіміз Әділбек Ниязымбетов алтынға таласатын болады.