Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Рио-2016: Данияр Елеусінов Рио Олимпиадасының чемпионы атанды! (Фото, видео)

112

Жартылай финалда өзбек боксшысы Гиясов марокколық чемпион Рабии Мохаммедті тізе бүктірген болатын. Ал Данияр Франция спортшысы Сулейман Сиссоконы жеңген еді.

Данияр Елеусінов осыған дейін 2013 жылы әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын. Ол 2010 жылы және 2014 жылы Азия ойындарының жеңімпазы, халықаралық санаттағы спорт шебері. Данияр Батыс Қазақстан облысының тумасы, қазіргі уақытта Астанада әкесі Марат Елеусіновтің қол астында жаттығады.

Еске сала кетейік, 69 келі салмақ «қазақтың салмағы» деп аталып кеткен еді. Осыған дейінгі үш Олимпиада ойындарында осы салмақта үш боксшымыз чемпион атанды. 2004 жылы Афина олимпиадасында Бақтияр Артаев, 2008 жылы Бейжіңде Бақыт Сәрсекбаев, 2012 жылы Лондонда Серік Сәпиев Олимпиада жүлдегері атанса, міне, Рио-де-Жанейро Олимпиадасында төртінші спортшымыз Данияр Елеусінов чемпион атанды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз