РИО-2016: Данияр Елеусінов ақтық сынға шықты

120 просмотров

 Рио Олимпиадасында бокстан 69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз Данияр Елеусінов француз Диоп Сисокконы ұтып, ақтық сынға шықты.

Қазақстандық боксшы қарсыласын үш раунд бойына төпеледі.

Финалда Данияр өзбек Шахрам Гиясовпен кездеседі. Гиясов жартылай финалда мароккалық Мохаммед Рабииді 3:0 есебімен жеңді. Букмекелер өз кезегінде ақтық сындағы айқаста Данияр Елеусінов басым түседі деп болжап отыр.

Данияр 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына қатысқан. Рио оның спорттық мансабындағы екінші Олимпиадасы.

11111111111111112357b23e80a96da

Загрузка...