Рио-2016: боксшы қызымыз Дариға Шәкімова жартылай финалға өтті

124 просмотров

Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында түнде бокстан 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен боксшы қызымыз жартылай финалға өтті.

Қазақстандық боксшы Дариға Шәкімова ширек финалда мароккалық Хадиджа Мардимен жұдырықтасты. Аса тартысты өткен жекпе-жектің қорытындысында төрешілердің шешімімен қазақ аруы жеңімпаз деп танылып, жартылай финалға өтті.

Енді жартылай финалда Шәкімова Лондон Олимпиадасының чемпионы Кларесса Шилдспен жұдырықтасатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Рио Олимпиадасына боксшы аруларымыз екі жолдама жеңіп алған болатын. Оның бірі Жайна Шекербекова кеше ширек финалда франциялық боксшы, Әлем чемпионатының вице-чемпионы Сара Урамуннан ұтылды. Енді боксшы қыздарымыздан осы Дариға Шәкімова ғана қалды.

Загрузка...