Риода түнде 91 келіде өнер көрсеткен қазақстандық боксшы Василий Левит Олимпиада ойындарының ақтық сынына өтті.
Ол қазақстандық боксшылар арасында алғаш болып ақтық сынға өтті.
Василий Левит кубалық Эрисландо Савонды 3:0 есебімен тізе бүктірді. Енді финалда ол ресейлік Евгений Тищенкомен қолғап түйістіреді.
Василий Левит кезінде Бүкіләлемдік бокс сериясының аясында Савоннан ұтылып қалған болатын. Осылайша, оған басты қарсыласына осы Олимпиадада есе қайтару мүмкіндігі туған. Оны Левит ұтымды пайдаланып кетті.