Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Рио-2016: бүгін жерлестеріміз спорттың үш түрінен бақ сынайды

Ал осы күні сағат 19:45-те дзюдодан 100 келі салмақта Максим Раков боз кілемге шығады. Ал финалдық айқастар 00:40-та басталады. Егер Раков алғашқы іріктеулерден сүрінбей өтсе, бірден оның финалдық белдесуін тамашалайтын боламыз.

02:30 да бокстан ерлер арасында 56 келіде Қайрат Ералиев, сағат түнгі 3:15-те 64 келіде Абылайхан Жүсіпов, сағат 4:15-те 69 келіде Данияр Елеусінов, 4:45-те 81 келіде Әділбек Ниязымбетов жарыс жолына шығады.

Еске сала кетейік, жарыстың алғашқы күнінде дзюдодан ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Елдос Сметов ел қоржынына күміс жүлде салса, 48 келіге дейінгі салмақта әйелдер арасында жарысқа қатысқан Отгонцэцэг Галбадрах Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Ал үшінші медальді қоржынға ауыр атлет Фархад Харки салды.

Ол ерлер арасындағы 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен болатын. Олимпиаданың төртінші күні тағы бір ауыр атлет қызымыз Карина Горичева 63 келі салмақта төртінші медальді ел қоржынына салса, бүгін Олимпиаданың бесінші күні екі ауыр атлетіміз Ниджат Рахимов пен қазақ қызы Жазира Жаппарқұл 1 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алды. 200 метр қашықтыққа суға жүзуден тағы бір отандасымыз Дмитрий Баландин Қазақстан қоржынына екінші алтын медальды салды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз