Олимпиада ойындарының алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар спорттың бірнеше түрінен сынға түседі.
Әйелдер арасында ауыр атлетикадан 48 кг дейінгі салмақта Маргарита Елисеева өнер көрсетеді. Сондай-ақ велоспорт бойынша тас жолдағы топтық жарыстан медальдар сарапқа салынбақ.
Спорт түрі: Веложарыс (тас жол)
Спортшы: Андрей Зейц, Бақтияр Қожатаев
Уақыты: Басталуы сағат 18:30-да. Тікелей эфир («Хабар»);
Спорт түрі: Академиялық ескек есу (жеке сын)
Спортшы: Елизавета Король, Рашид Юнусметов
Басталуы: Сағат 17:30-да;
Спорт түрі: Үстел теннисі
Спортшы: Кирилл Герасименко
Уақыты: Басталуы сағат 17:30-да;
Спорт түрі: Дзюдо (ерлер, әйелдер)
Спортшы: Елдос Сметов (60 кг дейін), Галбадрах Отгонцэцэг (48 кг дейін)
Уақыты: Алдын ала раундтар. Басталуы сағат 19:30-да. Репенаж, үшінші орынға талас және финал матчтары – басталуы сағат 00:25-те (тікелей эфир «Қазақстан» телеарнасы);
Спорт түрі: Үлкен теннис (Әйелдер арасында жекелей және жұптық сындар. Бірінші раунд)
Спортшы: Ярослава Шведова, Галина Воскобоева
Уақыты: Басталуы сағат 19:45-те;
Спорт түрі: Бокс
Спортшы: Берік Әбдірахманов (60 кг дейін)
Уақыты: Басталуы сағат 19:55-те. Әбдірахмановтың алғашқы кездесуі шамамен сағат 21:15-те. «Қазақстан» телеарнасынан тікелей эфир;
Спорт түрі: Жүзу. Ерлер. Брасс (100 метр)
Спортшы: Дмитрий Баландин
Уақыты: Қашықтыққа жүзу – басталуы сағат 22:00-де. 07:00-де жартылай финалдар. Тікелей эфир («Қазақстан»);
Спорт түрі: Ауыр атлетика. Әйелдер. 48 кг дейін.
Спортшы: Маргарита Елисеева
Басталуы: Сағат 04:00-де. Тікелей эфир («Қазақстан»).