Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Рио-2016: бүгін бағын сынаған 3 жеңіл атлетіміздің біреуінің ғана жолы болды

Риода түнгі жарысқа қазақстандық 3 жеңіл атлетіміз қатысқан болатын. Олардың екеуі үздіктер қатарынан көріне алмай жарыс жолдарын ерте аяқтады.

Іріктеу кезеңінде Екатерина Эктова 13 м 38 см-ге секіріп, 28- орынға тұрақтаса, Ирина Литвиненко 13 м 17 см нәтижесімен 33-орыннан көрінді.

Ал осы жарыста Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Ольга Рыпакова 14 м 39 см-ге секіріп, жалпыкомандалық есепте үздік үштікке кірді. Енді жерлесеміз Олимпиада ойындарының жүлдесі үшін бағын сынайды.

Ал 400 метрге жүгіру сайысында сынға түскен Элина Михина мен Анастасия Кудинова іріктеу кезеңінен өте алмады. Элина 400 метрді 53,83 секунда жүгіріп өтсе, Анастасия осы аралықты 56,03 секунд аралығында бағындырды.

Осылайша, олар жарысты жалғастыруға мүмкіндік алған үздік 24 спортшының қатарына кіре алмады.

Сонымен қатар, Қазақстан Олимпиада ойындарына батуттан секіру бойынша алғаш рет өз спортшысын қатыстырды.

Осы сайыста ел намысын қорғаған Пирмаммад Алиев екі сайыстың қорытындысы бойынша 105,890 ұпаймен, 12-ші орыннан көрінді. Бұл көрсеткішпен ол финалға шыға алмады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз