Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Рио-2016: Қазақстан құрамасы жалпы есепте 11-орынға шықты

АҚШ алтын медальдар санын 10-ға жеткізіп, көш бастап келеді. Олардың еншісінде 10 алтын, 11 күміс, 10 қола бар. Екінші орында 10 алтын, 5 күміс, 8 қола жеңіп алған Қытай құрамасы келеді. Ал үшінші орынға 6 алтын, 1 күміс, 11 қола медальді иеленген Жапония спортшылары көтерілді.

Еске сала кетейік, жарыстың алғашқы күнінде дзюдодан ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Елдос Сметов ел қоржынына күміс жүлде салса, 48 келіге дейінгі салмақта әйелдер арасында жарысқа қатысқан Отгонцэцэг Галбадрах Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Ал үшінші медальді қоржынға ауыр атлет Фархад Харки салды.

Ол ерлер арасындағы 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен болатын. Олимпиаданың төртінші күні тағы бір ауыр атлет қызымыз Карина Горичева 63 келі салмақта төртінші медальді ел қоржынына салса, бүгін Олимпиаданың бесінші күні екі ауыр атлетіміз Ниджат Рахимов пен қазақтың қызы Жазира Жаппарқұл 1 алтын, 1 күміс медаль олжалап, мерейімізді бір көтеріп тастаған еді.

Көп ұзамай жүзуші Дмитрий Баландин 200 метр қашықтыққа жүзуден 2:07,46 көрсеткішке қол жеткізіп, екінші алтын медальды қоржынымызға салды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз