Риодағы Олимпиада ойындарында түнде қазақстандық спортшылар екі медаль ұтып алды.
Біріншісі – алтын. 69 келіге дейін салмақта шаршы алаңға шыққан боксшымыз Данияр Елеусінов мәрелік кездесуде өзбек боксшысы Шахрама Гиясовты 3:0 ұпайы бойынша айқын басымдықпен ұтты.
Екі сағаттан соң еркін күрестен 69 келіге дейін салмақта қазақ қызы Эльмира Сыздыкова мысырлық Энас Мостафо Юссеф Ахмедпен белдесті. Ойын қортындысы: 7:4. Басым ұпай қазақ қызының еншісіне бұйырып, ол қола медаль ұтып алды.
Рио Олимпиадасының көшбасшысы әлі де америкалықтар (28, 30, 28), одан соң ағылшындар (19, 19, 12), үшінші орында – Қытай (17, 15, 20).