Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Рио-2016: Қазақстан қоржыны 1 күміс және 1 қола медальмен толықты

111

Екінші болып шаршы алаңға Василий Левит шықты. Ол үш раунд бойына қарсыласын алаңның төрт бұрышына тықсырумен болды. Алайда төреші ресейлік Евгений Тищенконың қолын көтерді. Жанкүйерлер төрешілердің бұл шешімімен келіспей, ысқырып, шулап залды жаңғыртты. Қалай дегенмен де Левит осылайша Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды.

 

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін ауыр атлетіміз Александр Зайчиков 105 келі салмақтан қола жүлдені жеңіп алды.

Ал түнде бағын сынаған басқа спортшыларымыздың көбісінің жолы болмады.

Олжас Сәттібаев 1/8 финалда әзербайжандық әлем чемпионы Эльвин Мамишзадан ұтылып қалды. Үш раундта да төрешілер жеңісті әзербайжан боксшысына берді. Осылайша, Олжас Сәттібаев ширек финалға шыға алмады.

Ал Жәнібек Әлімханұлы ширек финалда әзербайжандық Камран Шахсуварлыдан жеңіліп қалды. Осылайша, Олимпиаданың оныншы күні де артта қалды.

Кеше грек-рим күресінен жарысты жүлдесіз аяқтаған екі балуанымыздан кейін боз кілемге Нұрмахан Тінәлиев шықты. Ол 1/8 финалда германиялық Эдуард Поптан ұтылып қалды.

1000 метрге байдарка және каноэда жекелей есу сайысында қазақстандық Илья Голендов келесі кезеңге өте алмады. Осы сында өнер көрсеткен тағы бір спортшымыз Тимур Хайдаров жарыс жолынан шығып қалды.

Ал байдаркада 500 метрге жұптасып есу сайысында Ирина Подойникова мен Наталья Сергеева финалға шықты. Олар жартылай финалда 1:43,577 уақытпен мәре сызығын үшінші болып кесті. Осылайша, Подойникова мен Сергеева байдаркада 500 метрге жұптасып есу сайысының финалына өтті.

Сонымен қатар кедергімен 400 метрге жүгіруде қазақстандық жеңіл атлет Дмитрий Коблов келесі кезеңге өте алмады. Ол іріктеу жарысында 400 метрді 49.87 секундта жүгіріп өтті. Осылайша, ол жалпы командалық есепте 32-ші орынға тұрақтады.

200 метрге жүгіру сайысына сынға түскен Виктория Зябкина мен Ольга Сафронова жартылай финалға шыға алмады.

Сонымен қатар 200 метрге алғашқы кезеңнің алтыншы жүгіруінде Виктория Зябкина 23,34 секундпен 7-ші орынға ие болды. Ал Ольга Сафронова іріктеу кезеңінің тоғызыншы жүгіруінде 4-ші орыннан көрінді.

Жерлесіміз 200 метрді 23,29 секундта бағындырды. Осылайша, қазақстандық жеңіл атлеттер Рио Олимпиадасын жүлдесіз аяқтады.

Енді, қайтадан бүгінгі боксшыларымызға оралсақ. Бүгін екі боксшымыздың бірі күміс олжаласа, бірі финалға шықты. Алайда, түстің алдындағы сессияда жұдырықтасқан екі боксшымыз Рио Олимпиадасындағы жарыстарын аяқтаған болатын. Олар 52 келіде өнер көрсеткен Олжас Сәттібаев пен 75 келідегі шаршы алаңға шыққан Жәнібек Әлімханұлы болатын.

Бүгін Қазақстан құрамасы жалпы есепте 2 алтын, 3 күміс, 5 қола медальмен жалпы есепте 15-орынға көтерілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз