Рио-2016: 20-тамызда өнер көрсететін қазақ споршыларының кестесі

74 просмотров

Риодағы Олимпиада ойындарының он бесінші күні қазақстандықтар спорттың 4 түрінен бәсекеге түседі. Оның ішінде бессайысшы Павел Ильяшенко мен таэквандошы Руслан Жапаровтан медаль күтіліп отыр.

Сағат 18:40-та байдаркашылар Ирина Подойникова, Зоя Ананченко, Наталья Сергеева пен Инна Клинова жұбаныш финалында 500 метрлік жарысқа шығады, деп жазады Sports.kz.

Байдаркашылар Александр Емельянов, Сергей Токарницкий, Илья Голендов пен Андрей В жұбаныш финалында 1000 метрлік жарысқа сағат 19:04-те шығады.

Сағат 19:00-де еркін күрестен Аслан Кахидзе (86 келіге дейін) беларусьтік Омаргаджи Магомедовпен кездеседі, ал 19:40-та 1/8 финалдық бәсекеде Дәулет Шабанбай (125 келіге дейін) Беларусь елінен келген Ибрагим Саидовпен кілемге шығады.

Ал Астана уақыты бойынша 21:00-де бессайысшы Павел Ильяшенко медаль үшін таласады.

21:45-те Рио Олимпиадасындағы алғашы жекпе-жегін ту ұстап шыққан таэквандошы Руслан Жапаров (80 келіге дейін) 1/8 финалға әзербайжандық Радик Исаевпен өткізеді.

Загрузка...