Бүгін Рио төрінде қазақ жұрты былғары қолғап шебері Әділбек Ниязымбетовтен алтын жүлде күтеді. Сондай-ақ жарыс алаңына ескекшілеріміз бен еркін күрестен қыздарымыз Гюзель Манюрова мен Екатерина Ларионова шығады. Олардан да жеңістен үміт бар.
Байдарка және каноэ есу. Спринт. Ерлер. Екі кісілік байдаркалар. 1000 метр. Жұбаныш жүлде финалы
Евгений Алексеев, Алексей Дергунов Уақыты: 18:00-де;
Тимур Хайдаров Уақыты: 18:16-да;
Байдарка және каноэ есу. Спринт. Ерлер. Екі кісілік байдаркалар. 200 метр. Жұбаныш жүлде финалы
Андрей Ергучев, Сергей Токарницкий Уақыты: 18:40-та;
Жеңіл атлетика. Ерлер. Ядро лақтыру. Квалификация
Иван Иванов. Уақыты: 18:55-те;
Қазіргі бессайыс. Әйелдер. Семсерлесу
Елена Потапенко. Уақыты: 19:00-да;
Еркін күрес. 70 келіге дейінгі әйелдер
Гюзель Манюрова. Уақыты: 19:56-да. Тікелей эфир (KazSport);
Еркін күрес. 63 келіге дейінгі әйелдер
Екатерина Ларионова. Уақыты: 19:40-та. Тікелей эфир (KazSport);
Жеңіл атлетика. Әйелдер. Эстафета. 4×100 метр
Қазақстан құрамасы. Уақыты: 20:20-да;
Қазіргі бессайыс. Ерлер. Семсерлесу
Павел Ильяшенко. Уақыты: 23:30-да;
Бокс. 81 келіге дейінгі ерлер. Финал
Әділбек Ниязымбетов. Уақыты: 00:30-да. Тікелей эфир («Хабар»).