Рио-2016: 14-тамызда Қазақстан құрамасы 6 спорт түрінен өнер көрсетеді

115 просмотров

Бүгін Қазақстан құрамасы Риодағы Олимпиадада 6 спорт түрінен бағын сынайды.

14-тамызда сағат 18.00 оқу атудан жерлесіміз Юрий Юрков бой көрсетеді

Сағат 18.30 минутта Гүлжанат Жанатбек пен Ирина Смольникова жүгіруден марафонға шығады.

Сағат 19.00 минутта грек-рим күресі басталады. 59 келіде Алмат Кебісбаев ресейлік балуан Ибрагим Лабазановпен айқасады. 75 келіде Досжан Қартықов Грузия балуаны Зураб Датунашвилимен күресетін болады.

Сағат 20.00-де синхронды жүзуден Екатерина мен Александр Немичтердің өнерін тамашалауға мүмкіндік туады.

20.15 — әйелдер арасындағы бокс басталады. Бұл кезде жерлес қызымыз Дариға Шәкімова өнер көрсетеді.

Сағат 01.40 минутта велотректе Артем Захаров бой көрсетуі тиіс.

Сағат 02:30 минутта шетелдік комментаторлар қорғану әдісін Мұхаммед Әлиге теңеген боксышымыз Қайрат Ералиев рингте өзбектің бокшысы Муроджон Ахмадалиевпен қолғап түйістіреді.

Сағат таңғы 05.00-де 81 келідегі боксшылар жартылай финалда жасындай ойқастайтын болады. Бұл салмақта Қазақстан атынан Әділбек Ниязымбетов күш сынасады.

Ал 05.55 минутта жеңіл атлет Ольга Рыпакова финалда үш рет секіруден медалға таласатын болады.

Загрузка...