Павлодарда үріккен ат тоғыз жасар баланы таптап өлтірді

28 просмотров

Павлодар қаласына қарасты Жетекші ауылында жылқы тоғыз жасар баланы таптап кетіп, мерт қылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

308331641

Облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Баян Мағзұмованың айтуынша, төртінші сыныптың оқушысы үлкендердің қарауынсыз атпен шабуға ниеттеніп, жылқыға барған. Бала ер-тоқымға қате отырып құлап түсіп, аяғымен ілініп қалған. Үріккен ат оқушыны басы төмен қараған күйі басып кеткен. Алған жарақаттардан жас бала ауруханада көз жұмды.

— Аталмыш жағдай «жазатайым оқиға» ретінде сотқа дейінгі тергеу базасында тіркелді. Нақты шешім сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады, — дейді Б. Мағзұмова.

Загрузка...