Риддерде 29 жастағы қала тұрғыны азаматтық некедегі күйеуінің жүрегіне пышақ салып алды.
Қайғылы жағдай ер адам мен әйелдің қонақта отырғанда араздасуынан туындаған. Екеуі де алкогольді ішімдікке мас болған. Олар азаматтық некеде 7 жыл болған. Ер адам азаматтық некедегі әйелінен 7 жас үлкен болған.
Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.