Ресейлік әнші Ваенга Роман Садырбаевқа күйеуге шықты

293 просмотров

Той бүгін, 30-қыркүйекте дүркіреп өтіп жатыр.

Ресейлік танымал әнші, шансон жұлдызы Елена Ваенга 30-қыркүйекте Санкт-Петербург қаласында некесін қиды деп жазады Дни.ру.

„Мен білемін. Маған өте-өте жақын адамдар, қазір менің қандай күйде екенімді жақсы біледі. Қыздаймын. Өмір, әрине, тәтті емес, бірақ кей кездері, шынымен де бас айналдырарлық! Мен жаман адам емес секілдімін, егер мені жаны аппақ, мейірімді адамдар сүйетін болса…

Қамқорлық, көмек… Мен бала немесе қарындасы секілді қамқорлыққа бөленіп, шомылудамын… Ертең… Ертең бәріңді құшақтап, бақыттан жылайтын боламын… Эх… Өмір деген тамаша… Құдай-ай. Рақмет„ деп жазды неке қияр салтанаты алдында әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қос мереке аталып жатыр. 30-қыркүйекте Еленаның апасы 90 жасқа толды.

„Ертең жылайтын боламын. Менің апам Надежда Георгиевна — 90 жаста. Менің ұлым дүниеге келгеннен кейінгі — бұл менің өмірімдегі маңызды оқиға. Ол осы жасқа жетті. Біз осыған жеттік…„ — дейді «7 Дней» сайты.

Әнші 2012 жылдың тамызында шығып жатқан күйеуі Романнан ұл туған дейді. Бала дүниеге келер алдында, Ваенга 16 жыл азаматтық некеде тұрған Иван Матвиенкомен кенеттен ажырасады. Баласын ол Иван деп атады. Бірақ оның әкесі кім екенін әнші осы күнге дейін жасырып келді.

Одан кейін 1 жыл өткен соң әнші Instagram-дағы жеке парақшасында Садырбаевтың суретін жариялайды. „Қолында қылышы бар әкесі„ деп жазады әнші. Қалай дегенмен де бүгіндері ресейлік әнші екіншісіне де аяғы ауыр секілді.

Загрузка...