Қостанай шекара отрядының «Желқуар авто» өткізу пунктінің жасағы 48 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. Ол шекарадан бір тонна дизель отынын заңсыз алып өтпек болған.
Ер адам «Форд» көлігімен Қазақстаннан Ресейге бет алған. Дизель отыны көлікті тексеру кезінде тәркіленді.
Аталған оқиға бойынша жұмыс істейтін құқық қорғау органдары хабарландырылды.