Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ресейді терроризм үшін айыптаған Украина БҰҰ-ға шағымданады

Дипломат сөзіне қарағанда, бұл мәселе қазір талқыланып жатыр, және Киев БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесін “түн жарымында болса да” жинауға әзір. Украиналық дипломат осы жағдайды БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мунға баяндауды көздеп отыр, деп хабарлады БҰҰ сайты.

Ресей және Украина қарым-қатынасы Қырымда “диверсанттар” ұсталды деген мәлімет тараған соң, бірден ушығып кетті. Кремль украиналық арнайы қызмет өкілдерін Қырымда ұстау барысында екі ресейлік офицер қайтыс болды деп хабарлаған. Президент Владимир Путин Украина билігін террорға жүгінді деп айыптап, Донбастағы жанжалды бейбіт реттеуді көздейтін “нормандиялық форматтағы” кездесуден бас тартты.

Украина президенті Петр Порошенко ресейлік тараптың айыптауларын “ақылға қонымсыз әрі ұятсыздық” деп бағалады. “Бұл қияли айыптаулар – Украинаға төнген әскери қауіптен хабардар етеді”, – деді Порошенко.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз