Орынборда ақша айырбасымен айналысқан жігіттерді өлтірген Қазақстан азаматы сотталып жатыр.
27 жастағы Қазақстан азаматы 2015 жылдың қаңтар айында Орынборда ақша айырбастаумен айналысатын Руслан Мақсатовты, ал наурыз аййында тура осі іспен шұғылданатын Ибрагим Магдеевті өлтірген, деп хабарлады Oren.ru.
Бұл іс орынборлық такси жүргізушісінің көмегімен ашылды, ол көлік салонында атылған оқтың жолаушылар автобусына тигенін көріп, түсініктеме берген. Мақсатов Орынборға үшінші рет бармақ болған кезінде ұсталып, қамауға алынды.
Оқиғаның қалай өрбігені туралы толықтай орынборлық телеарнаның орыс тіліндегі сюжетінен көруге болады.