Ресейдің әділет министрлігі халықаралық “Мемориал” адам құқығын қорғау қоғамында жоспардан тыс тексеру өткізіп жатыр. Министрлік коммерциялық емес ұйымның шетел агенті функциясын атқарып отырмағанын тексереді.
Жоспардан тыс тексеру бастамасын Бас прокуратура көтерген. Тексеру 5 қыркүйекте басталды. Оның нәтижесі 30 қыркүйекке дейін жариялануы тиіс.
“Мемориал” қоғамы – Ресейде бұрыннан бері қызмет ететін үкіметтік емес ұйым, ол 1989 жылы КСРО кезінде құрылған. “Мемориал” жұмысы – КСРО-дағы саяси қуғын-сүргіндерді зерттеу, Үлкен террор құрбандарының мұрағатын дайындау, қаза тапқандардың естеліктерін жазу, адам құқығын қорғау және ағарту қызметін жүргізу.
“Мемориалдағы” 2013 жылғы тексеруден соң, қоғамға шетел агенті ретінде тіркелу ұсынылды. “Мемориал” орталығы Мәскеудегі, Рязандағы және Екатеринбургтегі реестрлерге шетел агенті ретінде енгізілген. 5 қыркүйекте Әділет министрлігі коммерциялық емес ұйымдар реестріне “Юрий Леваданың сараптамалық орталығын” (“Левада-центр”) да “шетел агенті” ретінде тіркегенін жариялады.