Ресейде Путинді қызметінен босатты

379 просмотров

Ресейде фамилиясы Путин деген бір шенеунік жұмыстан қуылды. Ол ірі лауазым иесі, Ханты-Мансийск автономдық округы губернаторының орынбасары болған екен, деп хабарлайды округтың ресми сайты.

«Югра губернаторы Наталья Комарова Алексей Путинді 2016 жылдың 20 қыркүйегінен бастап Ханты-Мансийск автономдық округы губернаторының орынбасары қызметінен босату жөніндегі құжатқа қол қойды», — делінген баспасөз-хабарында.

Алексей Путин денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру мен жастар саясаты, әлеуметтік даму, дене шынықтыру және спорт департаменттеріне жетекшілік еткен еді.

pogudx7ufssqjb6nu-6f6a6aeb
Алексей Путин. Фото uralpolit.ru

 

 

Загрузка...