Ресейде үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп, қол жиналып жатыр

79 просмотров

Әлеуметтік желіде Ресей үкіметінің, үкімет басшысы Дмитрий Медведевтің отставкаға кетуін талап еткен электронды петиция пайда болды.

Қол жиналып болған соң бұл петиция РФ президенті Владимир Путинге ұсынылмақ деп хабарлады Мk.ru.

Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков интернеттегі үкімет отставкасын талап еткен петиция мазмұнымен әлі таныспағанын айтып отыр.

Қалай дегенмен де Дмитрий Медведевке деген халықтың ашу-ызасы қара қазандай көрінеді. Мысалы, айлығын көтеруді сұраған мұғалімдерге Медведев: „Сіздерге бизнестен де орын табылады„ деп жауап қатыпты.

Ресейлік ұстаздар Үкімет басшысының бұл жауабын өздерін келемеждеу, басыну деп ұғынған.

Загрузка...