Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ресейде апатқа ұшыраған ұшақ ұшқыштарының бірі Қазақстанның тумасы екен

47 жастағы Виктор Провальныйдың артында әйелі мен екі баласы қалды.

Қазір апатқа ұшыраған ұшақ ішіндегі 19 адамның денесі табылды деп хабарлады Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі өңірлік басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, lenta.ru.

Қаза болғандардың ішінде – экипаждың үш мүшесі бар. «Құтқарушылар мұнайшылар мен экипаж мүшелерінің денесін қырынан жатқан, майысып, қираған корпустан арнайы жабдықтың көмегімен ғана алып шығу мүмкін болды», – деді ТАСС ведомство өкілдеріне.

Апат орнында іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды. Оған 140 адам, 20 бірлік техника қатысты.

Бортында 19 жолаушы, үш экипаж мүшесі болған «Скол» авиакомпаниясының Ми-8 ұшағы 21-қазанда Ямало-Ненецкий автономиялық окгругінің Пуровск ауданына ауыр жағдайда қонды. Тікұшақ «Роснефти» мердігерлік ұйымының вахта қызметкерлерін әкеле жатқан.

РФ ТЖМ деректеріне сәйкес, апат салдарынан 19 адам қаза тапты. Тағы үш адам зардап шекті. Олар ауыр жағдайда Уренгай кентінің ауруханасына жеткізілді.

Ресей Тергеу комитеті апаттың үш негізгі себебін қарастыруда: қауіпсіздік қағидасын бұзу, техниканың істен шығуы, қолайсыз ауа райы. Екі қара жәшік те табылды. Олар жақсы сақталған, қазір шешуге жіберілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз