Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ресейде 200 мың рублін Франция командасына тіккен жігіт пойыз астына түсіп, мерт болды

Life.ru келтірген дерекке сүйенсек, Фидель Н. деген ресейлік азамат матч алдында „Франция командасы жеңеді„ деп ұтысқа бар жиған ақшасы – 200 мың рубльді тіккен.

Еуро-2016 ойыны аяқталып, Франция жеңілгеннен кейін бір күннен соң ер адам пойыз астына секірді. Машинист шұғыл түрде пойызды тоқтатқан, дегенмен, өкінішке қарай, қайғылы жайт орын алды. 27 жастағы ер адам жақындап келе жатқан пойыздан небәрі 50 метр жерде тұрған.

Кейбір мәліметтер бойынша, Фидель Н. достарына қаржыдан қатты қысылып жүргенін айтқан. Алдын ала болжам бойынша, ер адам ірі көлемдегі борышын өтеу үшін ұтысқа бар ақшасын тіккен.

Ол пойыз астына түсер алдында бір жарты сағат бұрын ағасына хабарлама жолдапты. Онда жігіт барлық туысын жақсы көретінін айтыпты, сонымен қатар ағасынан өзін кешіруін және алаяқтық әрекеттерге бас сұқпауын сұрапты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз