Ресей жиырмадан астам қырымдықты «террористер мен экстремистер» тізіміне қосты

20 просмотров

Ресейдің Қаржы бақылау қызметі 12 шілдеде жариялаған 22 қырым тұрғынының тізімінде Қырым аннексиясын және Мәскеудің басып алушылығын қатты сынға алған журналистер, азаматтық белсенділер және саяси тұтқындар бар.

Тізімдегі Николай Семена — Азат Еуропа/Азаттық Радиосына қарасты Қырым туралы жаңалықтар сайтының авторларының бірі. Семена БАҚ-ты сепаратизмге үндеу үшін пайдаланды деп айыпталды. Тізімде Қырым аннексиясын айыптаған мақаласы үшін жақында ұсталған блогер Юрий Ильченко бар.

Ресейде тұтқында отырған бірқатар украиналық — Олег Сенцов, Александр Кольченко және жақында ғана босап шыққан Геннадий Афанасьев есімдері де осы тізімде аталды.

Ресейдің Қаржы бақылау қызметі президент Владимир Путиннің қаулысымен құрылды және бұл мекеме тікелей Ресей президентіне бағынады.

Құрама Штаттар, Еуропалық одақ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтықтастық ұйымы (ЕҚЫҰ), сондай-ақ адам құқығын қорғаушы халықаралық журналистік ұйымдар тәуелсіз журналистер мен Ресей басып алған аумақ белсенділерінің тысқырылуына қатысты алаңдаушылықтарын білдірді.

Загрузка...