Ресей тағы масқара болды! Ердоғанның Путиннен кешірім сұрағаны өтірік болып шықты

5 756 просмотров

Ресейлік ақпарат құралдары Түркия президентінің сөзін түрлендіріп жіберген. 

Ердоғанның Путиннен кешірім сұрағаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын Түркияның ресми өкілі Ибрагим Қалын хабарлады – деп жазады Hurriyet Daily News басылымы.  

– Путинге жазған хатында Ердоған  «I am sorry” (Өкініш білдіремін) деді, ал “I apologize” (Кешірім сұраймын) деп мүлде айтпаған, – дейді ресми өкіл. 

Оның айтуынша, кешірім сұрау мен өтемақы төлеу мәселесі талқыланбайды да. 

«Оның үстіне біз орын алған жағдайға өкініш білдіретінімізді хабарлағанбыз. Біздің позициямыз әуелден анық. Біздің әуе кеңістігімізді бұзған ұшақты атып құлаттық», – дейді Қалын.  

Оның пікірінше, халықаралық хат-хабар алмасуда  «I am sorry» және «I apologize» сөздерін бір мағынада түсінуге болмайды. 

«I am sorry» сөзі «өкініш білдіремін» деген мағынаны білдіреді.  Алайда өкініш білдірген тараптың кінәлі болуы міндетті емес. Ал «I apologize» деген сөз өзінің әрекетіне кешірім сұраған адамды білдіреді, – дейді ресми өкіл. 

Айта кетелік, бұдан бұрын бірқатар ресейлік ақпарат құралдары Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның ресейлік Су-24 пилотының қазасына қатысты Ресей президенті Путиннен кешірім сұрағанын хабарлаған болатын. 

Загрузка...