Ресей Орта Азия елдеріне виза енгізуге неге құмартып отыр?

32 просмотров

„Ресей Орта Азия елдеріне қатысты виза режимін енгізуі тиіс. Мұның себебін РФ территориясындағы Орта Азия азаматтарының қолынан болған бірқатар қанды оқиғамен байланыстырар едім„ — дейді РФ Федерациялар кеңесінің қауіпсіздік және қорғаныс комитеті төрағасының орынбасары Франц Клинцевич деп хабарлайды РИА Новости.

1013836776
Виталий Белоусов. Фото РИА Новости

Сенатор Ресей азаматтығын беру талаптары қатайтылуы тиіс деп санайды әрі ол осы діттегенін деген жеріне жеткізбей тынбайтынын айтады.

„Әр нәрсенің шегі бар. Сызран полициясының бұрынғы басшысы және оның отбасының Орта Азиядағы республикалардың бірінің тумаларымен айуандықпен өлтірілуі — барып тұрған бассыздық.  Сол секілді Өзбекстаннан Мәскеуге келген балабағушы ессіз әйелдің қолынан қаза болған бала жайы да әлі жадымызда„, — дейді Клинцевич.

Дегенмен ол мұның Ресейдің ерекше экономикалық қарым-қатынас орнатқан Қазақстан мен Қырғыз Республикаларына еш қатысы жоқтығын баса айтады.

„Әрине ұлтына қатысты әділдік іздеу туралы бұл арада мүлде айтылмайды, ондайларды заңмен қудалау керек„ — дейді ол.

„Алайда мемлекеттік билік деңгейінде қандай да бір түйін жасалуы шарт. Бізге, қалай дегенмен де Ресейге не маңыздырақ, соны анықтауымыз қажет: бұрынғы совет елдерімен жақсы қарым-қатынас па әлде біздің азаматтардың қауіпсіздігі ме? Әзірге екеуін салыстыру мүмкін емес, мен виза енгізуді ұсынамын әрі оны барлық мүмкін жолдармен қолдап отырамын. Ресей азаматтығын беру талаптары да қатайтылуы тиіс„ — дейді парламентарий.

 

Загрузка...